Былтыр ШҚО-да 15 дәрігерге әлеуметтік қолдау көрсетілді
Фото: pexels.com
Ауылдық медициналық мекемелерге мамандар тарту, оларға әлеуметтік қолдау көрсету және медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыру мақсатында ел Президентінің бастамасымен заңнамалық деңгейде бұрын-соңды болмаған шаралар қабылданды.
2024 жылы өңірлерге жұмысқа орналасқан 544 жас маманға әртүрлі әлеуметтік қолдау көрсетілді. Оның ішінде өңірде аса қажет мамандықтар бойынша 15 жас дәрігер Шемонаиха, Глубокое, Тарбағатай, Алтай, Ұлан және Үлкен Нарын аудандарындағы ауылдық елді мекендерде жұмысқа орналасты.
Бұл мамандарға бір реттік көтермеақы ретінде 100 ең төменгі жалақы көлемінде (8,5 миллион теңге) қаржы берілді. Сонымен қатар, ауылдық жерлерге жұмыс істеуге келген жас дәрігерлерге қосымша қаржылық ынталандырулар, тұрғын үйге жеңілдетілген несие және кәсіби өсу мүмкіндіктері қарастырылған.