KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 2 м/с, З
489.36 533.45 4.99

43 маманға «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 221,8 млн теңге сыйақы өтелген — ШҚО

Фото: Шығыс ақпарат

10.11.2023, 12:49 245

Облыста 14-35 жас аралығындағы 176 мың адам бар. Ауылдық жерде олардың 34 пайызы, қалаларда 66 пайызы тұрып жатыр. Олардың 52 пайызы — ер адамдар, 48 пайызы — әйел адамдар. Жоғары оқу орындары мен колледждерде оқитындардың саны 32 мың.

Бүгінгі таңда жастарды жұмыспен қамтудың негізгі жолы кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жобасы болып отыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде ШҚО Қоғамдық даму басқармасының Жастармен және азаматтық қоғам институттарымен жұмыс істеу бөлімінің басшысы Еркебұлан Балтабеков айтты.

1 қазандағы жағдай бойынша Ұлттық жобасына қатысуға қабылданған жастардың саны 9 034-ке жетті. Оның ішінде 6 050 адам (67%) жұмыс тапқан. Ал 328 адам уақытша жұмысқа орналасқан. Сонымен қатар, 182 адам арнайы оқып, оның 150-і жұмысқа орналасқан.

Оқу курсынан өткендердің ішінде 55 адамның бизнес-идеясын іске асыруға 400 АЕК есебінде грант берілді, жалпы сома — 75,9 млн теңге. Биыл кәсіпкерлерді қолдау мақсатында жстарға 218 микрокредит беру жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда 231 адам шағын несие алып үлгерген.

1 қарашадағы жағдай бойынша, субсидия аясында ашылған жұмысқа орналасқан жастардың саны 2596 адамды құраған. Оның ішінде 587 адам жастар тәжірибесі бойынша орналасса, 166 адам әлеуметтік қызметкер ретінде орналасты. Қоғамдық жұмысқа 1611 адам тартылып, «Алғашқы жұмыс орны» жобасына 219 адам қатысқан.

Биыл барлығы 104 бос жұмыс орны жәрмеңкесі өтті. Оған жұмыс іздеген 2569 адам және 479 жұмыс беруші қатысқан.

Сонымен қатар, биыл уақытша жұмыс істемейтін, оқу орындарында тіркелмеген жастармен жұмыс істеуге байланысты жоспар әзірленген.

Биыл «Жасыл ел» жобасының аясында 10 мың адамды жұмыспен қамту үшін квота бекітілген. Бүгінгі таңда еңбек топтарында мыңнан астам адам бар.

Сонымен қатар, биыл «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 43 маманға 221,8 млн теңге көлемінде бюджет сыйақысы бөлінсе, 215 маманға 74,2 млн теңге көлемінде жәрдемақы өтелген.

Дерекке сүйенсек, қабылданған шаралардың арқасында NEET санатындағы жастардың үлесі төмендеген. Былтырғы жылдың екі тоқсанында олардың саны 10 мың болса, биылғы сәйкес кезеңде 6 мың болған.

                 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив