Салық төлеушілер үшін жаңа ақпараттық жүйе іске қосылды
pexels.com
Мемлекеттік кірістер комитеті салықтық әкімшілендірудің жаңа ақпараттық жүйесін (СӘИЖ), соның ішінде Салық төлеушінің жаңа кабинетін (СӘИЖ СТК) кезең-кезеңімен іске қосуды бастады.
2025 жылдың 13 қаңтарынан бастап мемлекеттік кірістер органдары қалыптастыратын құжаттар тек СӘИЖ СТК-ге жіберіледі. Бұл құжаттардың ішінде салықтық есептілік, салықтық берешек туралы хабарламалар, мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімдер және басқа да салықтық және кедендік төлемдерге қатысты ақпараттар бар.
Салық төлеушілерге жаңа СӘИЖ СТК жүйесіне тіркелу және ондағы құжаттармен жұмыс істеу қажеттігі ескертіледі. Бұрынғы Салық төлеушінің кабинеті арқылы тек бұрын келген құжаттарды көру мүмкіндігі сақталады.
СӘИЖ СТК-де тіркелу және оны пайдалану бойынша бейне нұсқаулықтар Мемлекеттік кірістер комитетінің YouTube каналында қолжетімді. Сұрақтар туындаған жағдайда, жаңа кабинет бойынша қолдау қызметіне хабарласуға болады.
Толығырақ ақпарат пен нұсқаулықтар үшін:
- СӘИЖ СТК: https://knp.kgd.gov.kz
- Бұрынғы Салық төлеушінің кабинеті: https://cabinet.kgd.gov.kz