Жаңа салықтық әкімшілендірудің ақпараттық жүйесі әзірленді
Мемлекеттік кірістер комитеті жаңа салықтық әкімшілендірудің ақпараттық жүйесін (CӘИЖ) әзірледі.
Қазіргі уақытта кезең-кезеңімен функционалды, оның ішінде СӘИЖ жаңа салықтөлеуші кабинетін іске қосу жүргізілуде.
Ағымдағы жылдың 1 тамызынан сағат 19.00 бастап «Акцизделетін өнімдердің және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің өндірісін және айналымын бақылау» ақпараттық жүйесі (Акциз АЖ) өшірілетінін хабарлаймыз.
2024 жылғы 5 тамызынан бастап бұрын акциздік ақпарат жүйесіне ұсынылған акцизделетін өнімдер мен мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін (алкоголь, темекі, мұнай өнімдері және биоотын) өндіру мен айналымы туралы декларацияларды ұсыну СӘИЖ-нің салықтөлеушінің кабинеті арқылы жүзеге асырылады.
СӘИЖ жаңа салықтөлеуші кабинетінде тіркелу үшін https://knp.kgd.gov.kz сілтемесі бойынша өту керек.
СӘИЖ салықтөлеуші кабинетінде тіркелу және жұмыс істеу нұсқаулары біздің YouTube арнамызда орналастырылады.
СӘИЖ салықтөлеушінің кабинетінде жұмыс істеу жөніндегі Пайдаланушы нұсқаулығы СӘИЖ салықтөлеуші кабинетінің Қолдау – Көмек – Анықтамалық ақпарат бөлімінде орналастырылған.
Сұрақтарыңыз болған жағдайда, телеграмм чат https://t.me/axcise111 немесе 8(7172)73 55 11 және +7 (705) 956 53 71 телефондары арқылы хабарласа аласыз.