ШҚО спортшылары 9-шы қысқы Азия ойындарына дайындалып жатыр
Фото: Аяужан Утеулинова
ШҚО-да тоғызыншы қысқы Азия ойындарына дайындық қалай жүріп жатыр және қанша спортшы қатысады? Бұл туралы көшпелі брифинг барысында ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы жоғары спорт жетістіктері және бұқаралық спорт бөлімінің басшысы Аида Жұханова мәлім етті, деп хабарлайды Аltainews.kz тілшісі.
Атап өтерлігі, ШҚО-да дене шынықтырумен айналысатын халық саны 42%-ға артып отыр. Бұған негізгі себептердің бірі – спорттық инфрақұрылымның тиімді пайдаланылуы және ауқымды спорттық-бұқаралық іс-шаралардың ұйымдастырылуы.
Бұл іс-шаралар арқылы басқарма халықты спортқа, салауатты өмір салтына шақырып, олардың дене шынықтырумен белсенді айналысуына ықпал етіп келеді.
Ержан Әбіш