KZ
Өскемен
-29°
туман Штиль
511.18 530.6 5.28

ШҚО-да «Үздік туристік-рекреациялық аймақ» байқауы басталды  

16.01.2025, 15:00 749 Төлеуғазы Жансая

Шығыс Қазақстан облысында туризмді дамытуға арналған жаңа байқау басталды. Бұл шара облыс әкімі Ермек Көшербаевтың бастамасымен қолға алынып, өңірдің қалалары мен аудандарының әкімдіктері арасында ұйымдастырылып отыр, – деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.  

Байқаудың мақсаты – өңірдегі жаңа туристік-рекреациялық аймақтарды анықтап, туризмді дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашу.  

«Үздік туристік-рекреациялық аймақ» байқауының негізгі міндеттері:  

  • Ішкі және келу туризмін дамытуға серпін беру;  
  • Шығыс Қазақстанның бірегей туристік әлеуетін кеңінен таныту;  
  • Жеңімпаздарға туристік инфрақұрылымды дамыту, сервисті жақсарту және туризмді қолдауға қаржылық қолдау көрсету.  

Байқаудың нәтижесінде өңірдің туристік тартымдылығы артып, туристер санының көбеюі күтілуде.  

Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2025 жылдың 16-31 қаңтар.  
Байқау комиссиясының отырысы: 2025 жылдың 3-7 ақпан.  

Жеңімпаздар туралы ақпарат ШҚО әкімдігінің ресми сайтында және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу