ШҚО-да бірқатар жолдар ашылды
«ОблШығысЖол» ЖШС мәліметінше, 2025 жылғы 20 қаңтарда сағат 07:00-ден бастап облыстық маңызы бар «Өскемен – Тарғын – Самар» автожолының 88-145 км аралығы (Тайынты ауылы – Самар ауылы) барлық автокөлік түрлері үшін ашылды.
Сонымен қатар, «ҚАЖ сервис» ЖШС ШҚО филиалының хабарлауынша, дәл осы күні сағат 07:00-ден бастап республикалық маңызы бар «Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолының 6-66 км аралығы (Ушановское ауылы – Серебрянск қаласы) барлық көлік түрлері үшін қайтадан ашылды.
Автожолдардағы жағдайлар туралы нақты ақпаратты "Дармен" мобильді қосымшасынан алуға болады. Қауіпсіздік шараларын сақтап, жолда мұқият болыңыз.