KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 7 м/с, Ю
527.58 546.15 5.29

ІІМ шетелдегі қазақстандықтарға алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті

pexels.com

Кеше, 16:00 101 Төлеуғазы Жансая

Ішкі істер министрлігі шетелдегі қазақстандықтарға алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап. 

Біздің мыңдаған азаматтарымыз шетелдерде оқуда немесе жұмыста. Олар өзара Telegram және WhatsApp-чаттарын құрып, ақпарат алмасып, бір-біріне көмектеседі. Мұны алаяқтар да пайдалануы мүмкін. 

Қаскөйлер осындай чаттарға қосылып, өздерін қазақстандық азамат ретінде таныстырып, әдеттегіден тиімді шарттармен валюта айырбастау қызметін ұсынады. Бірақ ақшаны ауыстырғысы келетіндерді байланыстырмай, алаяқтар криптовалюта сатумен айналысатын адамдардың немесе дроптардың шоттарын жібереді. 

Түскен қаражатты алғаннан кейін олар хат-хабарларды өшіріп, чаттардан шығып кетеді. Кореяда, Қытайда және АҚШ-та осылай алдау жағдайлары орын алды. 

– Азаматтарды сақ болуға және күмәнді ұсыныстарды қабылдамауға шақырамыз, – делінген хабарламада.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу