KZ
Өскемен
+1°
туман жел 4 м/с, Ю
494.87 520.65 4.91

"Видео қоңырау шалады". Қазақстанда алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

penza-post.ru

24.12.2023, 10:10 257 Назерке Каримова

Қазақстандық алаяқтықтың жаңа түрі – видео қоңырауға шағымданған. Бұл жағдайға қатысты ҚР ІІМ Киберқылмысқа қарсы күрес орталығы пікір білдірді.

Ведомствода соңғы кездері алаяқтар азаматтарды алдаудың әртүрлі әдістерін қолданатынын айтты.

"Мысалы, азаматтарға WhatsApp немесе Telegram арқылы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің формасын киіп алған адамдар видео қоңырау шалады. Азаматтарды сендіру үшін олар мемлкеттік рәміздерді және ел басшылығының суреттерін қолданады.

Әдетте олар банк шоттарындағы күмәнді операциялар жайлы хабарлайды және алаяқтарды ұстау үшін арнайы операция жүріп жатқанын айтады. Сондай-ақ олар тексеріске көмектеспегеніңіз үшін жауапкершілікке тартылатыныңызды айтып қорқытуы да мүмкін", - деп жазылған орталық хатында.

ІІМ мұндай қоңыраулар кезінде не істеу керегін айтты:

Қандай жағдай болмасын мұндай адамдармен сөйлеспеңіз;
Қызметкердің сауалнамалық мәліметтерін сұраңыз, содан соң сол органға хабарласып, сондай адам жұмыс істей ма сұраңыз;
Белгісіз абоненттік нөмірлерді, соның ішінде шетелдік байланыс операторларына жататын нөмірлерді бұғаттап тастаңыз.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу