Облыстың таулы аудандарында қар көшкіні жүру қаупі бар
«Қазселденқорғау» ММ "ШҚАПБ" филиалының ақпаратына сәйкес, қар жамылғысының тұрақсыздығына байланысты 22-24 қаңтар аралығында Шығыс Қазақстан облысының таулы аудандарында қар көшкіні қаупі сақталады,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
-ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары тұрғындарға осы кезеңде тауға барудан бас тартуға кеңес береді. Көшкін қаупі бар аймақтар автомобиль жолдарына қауіп төндіруі мүмкін. Мұндай аумақтардан өту кезінде тоқтамаңыз және қауіпті аймақтан тез арада шығып кетуге тырысыңыз. Егер төтенше жағдай туындаса, ұялы телефон арқылы «112» бірыңғай нөміріне хабарласыңыз,- делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз