ШҚО-да қар көшкіні қаупі: мамандар таулы аймақтарға бармауға кеңес береді

pexels.com
"Қазселденқорғау" ММ "ШҚАПБ" филиалының ақпаратына сәйкес, 2025 жылғы 17 қаңтардан 20 қаңтарға дейін Шығыс Қазақстан облысының таулы аудандарында қар жамылғысының тұрақсыздығына байланысты қар көшкіні жүру қаупі бар,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің мамандары тұрғындарға және туристерге бұл уақытта тауға барудан бас тартуды ұсынады. Қар көшкіні қаупі бар ошақтар автомобиль жолдарына қауіп төндіреді.
Егер қар көшкіні жағдайында немесе басқа төтенше оқиғалар орын алса, көмек қажет болса, барлық жедел қызметтерді ұялы телефоннан "112" бірыңғай нөміріне хабарласыңыз.
Бұл кезеңде табиғат аясына шығуды, әсіресе таулы аймақтарға саяхаттауды жоспарлауды кейінге қалдырған жөн. Қар көшкінінің ықтималдығы жоғары болғандықтан, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтаңыз және ТЖД мамандарының ұсыныстарын орындаңыз.