ШҚО-да қолайсыз ауа райы салдарынан 12 жол учаскесі жабылды
pixabay.com
22 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында қатты жел, қарлы боран және көктайғақ салдарынан бірқатар қолайсыз ауа райы жағдайлары орын алды. Бұл ауа райы жағдайлары жолдарда қозғалысты шектеп, көптеген елді мекендерде электр қуатының ажырауына әкеп соқты. Сонымен қатар, мектеп оқушылары қашықтан оқуға көшірілді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
17:00-дегі мәлімет бойынша облыс аумағында 12 жол учаскесі жабылды.
Республикалық маңызы бар жолдар (5 учаске):
• «Алматы – Өскемен – Шемонаиха – Ресей шекарасы» (1013-1048 км, Абай облысының шекарасы – Ұлан ауылы);
• «Алматы – Өскемен – Шемонаиха – Ресей шекарасы» (1194-1212 км, Шемонаиха – Ресей шекарасы);
• «Өскемен – Семей» (10-103 км, Герасимовка ауылы – Абай облысының шекарасы);
• «Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары» (6-166 км, Ушановское ауылы – Алтай қаласы);
• «Өскемен – Риддер – Ресей шекарасы» (0-105 км, Өскемен – Риддер, 129-151 км, Риддер – Поперечное).
Облыстық маңызы бар жолдар (3 учаске):
• «Шемонаиха – Секисовка» (0-56 км);
• «Өскемен – Тарғын – Самар» (63-145 км, Тарғын – Самар);
• «Дмитриевка – Бородулиха – Шемонаиха» (87-72 км, Шемонаихадан шығу – облыс шекарасы).
Жергілікті маңызы бар жолдар (4 учаске):
• «Таврия – Каменка – Тройницкое» (33-43 км, Каменка ауылы – Тройницкое ауылы);
• «Алматы – Өскемен» автожолының бұрылысы – Борсақ (0-13 км);
• «Ұлан – Бозанбай» (5-32 км, Ұлан ауылы – Бозанбай ауылы);
• «Согорное – Барлық».
«Алматы – Өскемен – Шемонаиха – Ресей шекарасы» автожолының 1125-1191 км учаскесінде (Предгорное ауылы – Шемонаиха) жүк көліктері мен тұрақты жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын автобустар үшін қозғалыс шектелді.