ШҚО-да 10 автожол учаскесі жабылды: қозғалысқа шектеу енгізілді
pexels.com
2025 жылдың 22 қаңтардағы 16:00 жағдай бойынша Шығыс Қазақстан облысында қолайсыз ауа райына байланысты барлығы 10 автожол учаскесі жабылды. Оның ішінде:
Республикалық маңызы бар жолдарда жабылған учаскелер:
- «Алматы – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» (1013-1048 км, Абай облысының шекарасынан Улан ауылына дейін).
- «Өскемен – Семей» (10-103 км, Герасимовка ауылынан Абай облысының шекарасына дейін).
- «Өскемен-Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман бұлақтары» (6-166 км, Ушановское ауылы – Алтай қаласына дейін).
Облыстық маңызы бар жолдарда жабылған учаскелер:
- «Шемонаиха – Секисовка» (0-56 км).
- «Өскемен – Тарғын – Самар» (63-145 км, Тарғыннан Самарға дейін).
- «Дмитриевка – Бородулиха – Шемонаиха» (87-72 км, Шемонаиха қаласынан шыға беріс – ШҚО мен Абай облысының шекарасы).
Жергілікті маңызы бар жолдарда жабылған учаскелер:
- «Таврия – Каменка – Тройницкое» (33-43 км, Каменкадан Тройницкоеға дейін).
- «Алматы – Өскемен» автожолынан Борсаққа бұрылыс (0-13 км).
- «Ұлан – Бозанбай» (5-32 км, Ұлан ауылынан Бозанбайға дейін).
- «Согорное – Барлық».
Республикалық маңызы бар жолда шектелген учаске:
- «Алматы – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» (1125-1191 км, Предгорное ауылынан Шемонайхаға дейін) – жүк көліктері мен жолаушыларды тұрақты тасымалдайтын автобустар мен микроавтобустар үшін қозғалыс шектелді.
ШҚО ТЖД сапарларды кейінге қалдырып, ауа райының қолайсыздығына байланысты қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды. Барлық сұрақтар бойынша 112 нөміріне хабарласуға болады.
Оқи отырыңыз