KZ
Өскемен
-33°
туман Штиль
517.84 543.11 5.28

Катонқарағай ұлттық паркінде қар барысы фототұзаққа түсті (видео)

Кеше, 17:40 84 Гульжан Мусина

 

Катонқарағай ұлттық паркінің Аршаты орманшылығында сирек кездесетін ерекше оқиға орын алды: қар барысы фототұзақ объективіне қайта түсіп, жабайы табиғаттың көркемдігін айшықтады. Суреттер 2024 жылдың желтоқсанынан 2025 жылдың қаңтарына дейінгі аралықта түсірілген.

Бұл табысқа Аршаты орманшылығының инспекторы Жомарт Аманбаевтың еңбегі үлкен үлес қосты. Оның кәсібилігі мен тыңғылықты жұмысының арқасында фототұзақтар барыстың мекендейтін аумағына дәл орнатылып, осындай құнды деректер жинақталды.

Қар барысы – Алтай тауының мақтанышы әрі табиғаттың баға жетпес мұрасы. Мұндай кадрлар табиғатты қорғау шараларының маңызды екенін тағы бір мәрте дәлелдейді.

Видео: Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу