Алматы – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы автожолы жабылды
Фото: pexels.com
"KAЖсервис" ЖШС ақпараты бойынша, 2025 жылғы 30 қаңтар сағат 17:00-ден бастап ауа райының нашарлауына (боран) байланысты республикалық маңызы бар "Алматы – Өскемен – Шемонаиха – Ресей Федерациясы шекарасы" автожолының 1013-1048 км учаскесі (Абай облысының шекарасы – Ұлан ауылының бұрылыс жолы) барлық автокөлік түрлері үшін жабылды.
Жүргізушілерден жол жүру бағытын алдын ала жоспарлап, ауа райы болжамын ескерулерін сұраймыз.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Оқи отырыңыз