KZ
Өскемен
+8°
небольшая облачность жел 3 м/с, В
499.04 544.45 5.96

Тас жолдардағы ахуал – ШҚО

Фото: zakon.kz

2.01.2024, 18:17 256 Мадина Амангелдіқызы

Бүгін облыс аумағындағы бірқатар жолдар ауа райына байланысты жабылған болатын, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.

 

Сағат 18.00-ден бастап республикалық маңызы бар «Алматы - Өскемен» тас жолының 1013-1048 шақырымындағы учаскесі, яғни Абай облысының шекарасы мен Үлан ауылының аралығындағы жол көліктің барлық түрлері үшін ашылды.

 

Сондай-ақ «Шемонаиха-Секисовка» (0-54 км) тас жолы да көлік қозғалысы үшін ашық.

 

Екі тас жол әлі де жабық:

  • сағат 11.30-дан бастап «Тарханка - Топиха» (0-12 км);
  • сағат 18.00-ден бастап «Дмитриевка – Бородулиха - Шемонаиха» тас жолы (72-87 км., Шемонаиха қаласы – Абай облысының шекарасы).

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу