KZ
Өскемен
-9°
ясно жел 3 м/с, С
518.14 537.57 5.27

Өскеменде «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында студенттермен кездесу өтті (видео)

Бүгін, 12:52 55 Төлеуғазы Жансая

Бүгін Қазақстан-Американдық еркін университетінде жастар арасындағы экологиялық мәдениетті қалыптастыруға арналған студенттер жиыны өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Шара «Таза Қазақстан» республикалық акциясы шеңберінде өтіп, қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қызығушылық танытқан білім алушылардың басын қосты.

«Қоғамды экологиялық дамыту орталығы» қоғамдық қорының жетекшісі Танир Ясса жастардың экологиялық санасын жаңғыртып, табиғатты қорғауға шақырудың маңызын түсіндірді. Кездесу барысында «Таза Қазақстан» акциясы мен облыстағы білім беру ұйымдарында жүзеге асырылатын жобаларға арналған фильм көрсетілді.

Іс-шара студенттердің экологиялық түсінігін қалыптастыруда зор үлес қосты. Жиынға қатысушылар түрлі акцияларға белсенді қатысып, өңірдегі экологиялық жағдайды жақсартуға үлес қосуға дайын екендіктерін білдірді.

Ал ұйымдастырушылар мұндай шаралар экологиялық білімді арттырып қана қоймай, жастар арасында белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға септігін тигізетініне сенімді.

«Экология мәселесі бүкіл әлемде өзекті. Біз жастарды экологиялық шараларда белсенді болуға шақырамыз. Мақсатымыз – білім беру бағдарламалары мен эко-еріктілерді өз қатарымызға тарту  арқылы жас толқынның бойында экологиялық сананы қалыптастыру»,-деді Танир Ясса.


                                                                      Айжанат Бақытқызы

Фото: Аяужан Утеулинова

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу