KZ
Өскемен
-10°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, СБ
511 602.72 6.49

Тарбағатайда аурухана мен мектеп жөнделмек (Видео)

4.02.2025, 06:52 784 Төлеуғазы Жансая

Тарбағатай ауданына жұмыс сапарымен келген ШҚО әкімі аппаратының басшысы Ерлан Текешов өңірдегі өзекті мәселелерді талқылады. Кездесуде әлеуметтік нысандардың жағдайы, көктемгі су тасқынына дайындық және ауданның алдағы дамуы қарастырылды.

Аудандағы аурухана мен мектепке күрделі жөндеу қажет. Сапар барысында Ерлан Текешов бұл нысандардың қазіргі жағдайымен танысып, алдағы уақытта оларды жаңарту жұмыстары қолға алынатынын айтты.

Көктем жақындаған сайын су тасқыны қаупі артып келеді. Осыған байланысты Жетіарал ауылындағы бөгет тексерілді. Мамандармен және ауыл әкімдерімен бірге қауіпсіздік шаралары пысықталып, тасқынның алдын алу бойынша нақты жұмыстар белгіленді.
Бұл шаралардың барлығы су басу қаупін азайтуға бағытталған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу