Марқакөлде су тасқынына дайындық жұмыстары жалғасып жатыр
Марқакөл тауларындағы қар көлемі азайғанымен әлі еріп біткен жоқ. Сондықтан аудан әкімшілігі көктемгі су тасқынына дайындық жұмыстарын әлі де жалғастырып жатыр.
Марқакөл ауданына қарасты Қалжыр ауылынан 6 шақырым жерде орналасқан «Қазсушар» мекемесінің теңгеріміндегі «Алқым» аумағында көктемгі су басу қаупінің алдын-алу шаралары жүргізілуде, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Су тасқынының алдын алу жұмыстарына 2 ауыр техника және 4 адам жұмылдырылған.
– Ауданда су басу қаупі бар жерлердің барлығын бақылауда ұстап, көріп отырмыз. Жұмыстар атқарылып жатыр. Марқакөл ауданына қарасты «Игілік-Шенгелді» елді мекендері арасындағы тас жолдың жиегіне құм төгу, жолы жиегін бекіту жұмыстары жүргізілді. Оған 3 ауыр техника және 6 адам жұмылдырылды, – дейді Марқакөл ауданы әкімінің міндетін атқарушы Рүстембек Кемешов.
Оқи отырыңыз