«Есірткіге жол жоқ!»: Өскемендегі ЖОО жатақханаларында профилактикалық рейдтер өткізілді (видео)
Шығыс Қазақстан облысының Жастар ресурстық орталығы облыстық Полиция департаменті және Прокуратурамен бірлесіп, Өскемен қаласының жоғары оқу орындарының жатақханаларында «Есірткіге жол жоқ!» атты профилактикалық рейд өткізді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Іс-шараның мақсаты — студенттер арасында есірткі заттарын қолданудың алдын алу және есірткіге тәуелділіктің салдары туралы жастардың хабардарлығын арттыру. Жатақханаларды арнайы дайындалған қызметтік иттері бар тәжірибелі кинологтар тексерді. Рейд барысында есірткі сақтау деректері анықталған жоқ.
Іс-шараға «Есірткісіз болашақ» қоғамдық қоры, ШҚО студенттер альянсы, сондай-ақ жастар істері жөніндегі кеңестің мүшелері сияқты жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.
Өскемен қаласының Жастар ресурстық орталығының өкілдері студенттерге кез келген уақытта көмек сұрап, бағдарламалар бойынша қызықтырған сұрақтарын қоюға болатынын еске салды. Орталық жастарға әртүрлі салаларда өзін-өзі дамытуға, жұмысқа орналасуға, жеке бизнес ашуға, жобаларды жүзеге асыруға немесе өнер мен басқа да қызмет түрлерінде өз қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік береді.
Роксана Глыбова
Фото: Аяужан Өтеулинова
Видео: Жәнібек Ырысбай