KZ
Өскемен
-24°
туман Штиль
515.31 533.96 5.3

ШҚО-да қатты аязға байланысты оқушылар қашықтықтан оқиды

Pexels.com

Бүгін, 07:30 76 Төлеуғазы Жансая

Шығыс Қазақстан облысында 7 ақпан күні ауа температурасының төмендеуіне байланысты Өскемен қаласы мен барлық аудандарда оқушылар қашықтықтан оқыту форматына көшеді, - деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.  

Өскеменде -28 градус суыққа байланысты 0-4 сынып оқушылары онлайн оқиды. Семей қаласында -30 градустан төмен температура күтілуіне байланысты 0-9 сынып оқушыларына сабақ қашықтан өтеді.  

Аудандарда да аяз күшейіп тұр. Үлкен Нарын ауданында -31-33 градус, Катонқарағайда -30-32 градус, Күршімде -28-34 градусқа дейін төмендеп, 0-9 немесе 0-11 сынып оқушылары үшін онлайн оқу енгізілді. Марқакөлде -36 градусқа дейінгі суықта барлық оқушылар қашықтан оқытылады.  

Алтай ауданында -34-36 градусқа байланысты барлық мектеп оқушылары мен колледждің 1-2 курс студенттері қашықтан оқиды. Самар ауданында -30-32 градус аяз болжанып, 0-9 сынып оқушыларының сабағы онлайн форматқа ауысты. Шемонаиха ауданында -29-31 градус аязға байланысты 0-4 сынып оқушылары үшін дәстүрлі сабақ тоқтатылды. Ұлан, Зайсан, Тарбағатай аудандарында да ауа температурасы -28-35 градус аралығында өзгеріп, кейбір сынып оқушылары үшін онлайн оқу енгізілді.  

Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарға сақтық шараларын сақтауды, қажетсіз сыртқа шықпауды және жылы киінуді ескертеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу