KZ
Өскемен
-19°
туман жел 1 м/с, С
515.31 533.96 5.3

Ертең қай мектептердің оқушылары онлайн оқиды?

Фото: elorda.info

20.02.2024, 20:23 279 Мадина Амангелдіқызы

21 ақпанда ШҚО-ның үш ауданы мен облыс орталығындағы мектептерде аязға байланысты сабақ онлайн өтетін болды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ШҚО ТЖД ақпараты бойынша, Шемонаиха ауданында ертең ауа температурасы минус 35-40 градусқа дейін төмендейді. Осыған байланысты бірінші және екінші ауысымдағы 0-11 сынып оқушылары қашықтан оқиды. Сондай-ақ Ұлан және Глубокое аудандарында да аязға байланысты барлық мектептер онлайн оқуға көшеді.

Өскемен қаласында бірінші және екінші ауысымдағы 0-11 сынып оқушылары үйден оқиды. Бұл күні қосымша білім беру мекемелеріндегі үйірмелер мен секциялардың сабақтары да онлайн өтеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу