KZ
Өскемен
-29°
туман жел 2 м/с, СШ
511.18 530.6 5.28

Тарбағатай ауданында Дүниежүзілік сайлау күніне орай танымдық акция өтті  

Бүгін, 16:30 57 Гульжан Мусина

Тарбағатай аудандық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен «М.Әуезов атындағы Ақжар мектеп-интернат-колледжінде» 9-10 сынып оқушыларының қатысуымен «Сіздің сайлау құқығыңыз!»атты танымдық акция өткізілді. Іс-шараның мақсаты – жас ұрпаққа сайлаудың маңызын түсіндіру және олардың саяси сауатын арттыру.  

Акция барысында кітапханашы Нұргүл Чарипханқызы сайлау тарихы туралы ақпаратпен бөлісіп, оның даму кезеңдері туралы баяндады. Тарбағатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жаннұр Азырханқызы мен сайлау жүйесінің ардагері, зейнеткер ұстаз Серікхан Әсенұлы ел басқарудағы Президенттің, Үкімет пен Парламенттің, түрлі деңгейдегі мәслихаттардың рөлі, азаматтардың сайлау құқығы мен оның маңызы туралы кеңінен әңгімеледі.  

Сонымен қатар, Жаңалық ауылының учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы С.А. Нұкатов өз жинағындағы кітаптардан «Сайлау тарихы – ел тарихы» атты көрме ұйымдастырды. Іс-шараға қатысушылар «Мен – болашақ үміткермін!» тақырыбында эссе жазып, тақырып аясында сұрақтарға жауап берді.  

Акция соңында белсенді қатысушылар марапатталып, сұрақтарға дұрыс жауап берген оқушыларға шағын сыйлықтар табысталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу