ШҚО-да бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді
istockphoto.com
2025 жылғы 11 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының барлық қалалары мен аудандарында Жұмысшы мамандықтар жылы аясында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді. Өскемен қаласында бұл шара Шәкәрім даңғылы, 149/10 мекенжайында орналасқан Мансап орталығында ұйымдастырылады, - деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер арасында тікелей байланыс орнатып, жұмыссыз азаматтарға, түлектерге және жастарға жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді.
Жәрмеңкеге 24 жұмыс беруші шақырылып, жұмыс іздеушілер қатарынан 60 үміткер және жоғары оқу орындарының 20 студенті қамтылады деп күтілуде.
- Жәрмеңке уақыты: 10:00
- Жауапты маман: Хамзина Еркежан Елғазықызы
- Байланыс нөмірі: +7 702 870 53 14
2025 жылы осындай жәрмеңкелер арқылы 3 292 адамды қамту жоспарлануда. Іс-шараға жұмыс іздеп жүрген азаматтар, жоғары оқу орындары мен колледж түлектері, сондай-ақ жұмысқа орналасуға мүдделі жастар шақырылады.