Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді
pexels.com
Елімізде 18 қазан күні сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін мүгедектігі бар адамдарға арналған бос жұмыс орындарының онлайн-жәрмеңкесі өтеді.
Tanda Enbek платформасында түрлі бизнес-бағыттар бойынша бос жұмыс орындары туралы ұсыныстар орналастырылады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Еңбек және халықты жұмыспен қамту министрлігі ақпаратына сүйенсек, жәрмеңкеге қатысу үшін https://tanda.enbek.kz/ru/employer/faq сайтына сілтеме бойынша өту қажет.
Бұл порталдағы бос орындар жәрмеңкесіне жұмыс іздеп жүрген мүгедектігі бар адамдар да, кәсіби мамандарды іздейтін жұмыс берушілер де қатыса алады. Онлайн-жәрмеңке үйден немесе кеңседен шықпай-ақ жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілерді бір-бірімен байланыстыратын мүмкіндік.