KZ
Өскемен
-10°
ясно жел 5 м/с, В
510.49 527.29 5.27

11 ақпан – Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күні

Фото: Жасанды интеллект

Бүгін, 13:00 75 Төлеуғазы Жансая

Бүгін, 11 ақпан – бүкіл әлемде ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күні ресми түрде атап өтілуде. Бұл күн ғылым саласындағы әйелдердің жетістіктерін мойындап, олардың қоғамдағы рөлін дәріптеуге бағытталған, - деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Қазақ тарихында әйелдер ғылымның әртүрлі салаларында жаңашылдықтың жаршысы болып, маңызды жетістіктерге қол жеткізді. Гүлсім Аспандиярова, Нәзипа Құлжанова, Аққағаз Досжанова, Белла Ахметова, Нағима Айтхожина сияқты көрнекті ғалымдар медицина, педагогика, жаратылыстану және техника бағыттарында өздерінің қайсарлығы мен ізденісінің арқасында ірі жаңалықтар ашып, ғылым мен білімге адал қызмет етті. Олардың еңбектері қоғамның дамуына зор үлес қосты.

Бүгінгі таңда елімізде ғылыммен айналысатын әйелдердің саны артып, олардың үлесі жалпы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізетін мамандардың 55,6%-ын құрайды. Олар маңызды ғылыми жобаларға жетекшілік етіп, қолданбалы және іргелі зерттеулер арқылы қоғам үшін өзекті мәселелерді шешуге атсалысуда. Қазақстандық әйел ғалымдары білім беру, медицина, инженерия, ауыл шаруашылығы және ақпараттық технологиялар сияқты түрлі салаларда маңызды жетістіктерге жетіп, ел дамуына зор үлес қосып келеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу