KZ
Өскемен
небольшой снег жел 2 м/с, В
494.87 520.65 4.91

Қазақстанда әйелдердің еңбекақысы 33 пайызға төмен

31.03.2019, 19:47 186

Елімізде әйелдердің еңбекақысы ер адамдардың жалақысымен салыстырғанда 33 пайызға төмен екен, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

БҰҰ-да әйелдер мен ерлер арасында үй тұрмысындағы міндеттемелердің тең бөлінуін қалайды. Бұл туралы Қазақстандағы «БҰҰ-Әйелдер» өкілі Илейн Конкевич «Қазақстандағы әйелдердің экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту: тәжірибе, сын-қатерлер және перспективалар» атты конференциясының барысында мәлімдеді.

 

- Қазақстанда экономиканың дамуымен қатар әйелдердің экономикаға араласу деңгейі де артып келеді. Өкінішке орай, жағдай біз ойлағандай емес. Шағын және орта бизнесте әйелдер жетекші болып жүр. Бірақ басшылықта жүрген әйелдердің саны аз, - деді ол.

 

Оның айтуынша, Қазақстанда әйелдер мен ерлердің еңбекақысында айтарлықтай айырмашылық бар екен.

 

-Еңбекақыдағы айырмашылық 33 пайызды құрайды, яғни әйелдер ерлердің жалақасының 67 пайызын ғана алып отыр, - дейді Илейн Конкевич.

 

Бұл мәселені шешу үшін ол балабақшалар санын көбейтіп, ер адамдардан үй тұрмысындағы міндеттемелерді бөлісу жағынан қолдау қажет екендігін атап өтті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу