ШҚО тұрғындарының назарына: дауылды ескерту жарияланды
![](/kz/uploads/posts/2025-02/pexels-gy1610-30651478.webp)
pexels.com
"Қазгидромет" ШҚ филиалының мәліметіне сәйкес, 12 ақпанда облыстың солтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын, ал шығысы мен оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді, - деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті ауа райының қолайсыздығына байланысты елді мекендерден тыс жерлерге сапарды кейінге қалдыруды сұрайды. Егер жолға шығу қажеттілігі туындаса, жылдамдық режимін сақтап, қашықтықты сақтау маңызды.
Күшті жел кезінде ғимараттарға жасырыну қажет. Үзілген сымдар мен тербелмелі маңдайшаларға жақындамауға, ағаштардың астында тұрудан сақтануға кеңес беріледі.
Кез келген төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласыңыз.