Шығыс Қазақстанда жаяу бұрқасын мен көктайғақ күтіледі
pexels.com
«Қазгидромет» ШҚ филиалының болжамына сәйкес, 17 қаңтарда облыстың батысы, солтүстігі және шығысында жаяу бұрқасын болады, күндіз көктайғақ күтіледі. Жел шығыс және оңтүстік-шығыс бағыттарынан соғып, екпіні кей жерлерде 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін, – деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті халықты ауа райының қолайсыз жағдайында сақ болуға шақырады. Елді мекендерден тыс жерлерге сапарды кейінге қалдырған жөн.
-Қатты жел кезінде қауіпсіз орынға тығылып, ғимараттың ішіне кірген дұрыс. Желден қорғау үшін үйлердің қабырғаларына, аялдамаларға немесе жарнама тақтайшаларының жанында тұрудан аулақ болыңыз. Қауіпті аймақтарға жақындамауға, әсіресе үзілген сымдардан сақтануға кеңес беріледі. Көктайғақ кезінде жарақат алмас үшін тайғанақ емес аяқ киім киіп, асықпай жүруге тырысыңыз. Көлік жүргізушілері жылдамдықты азайтып, көлік арасындағы қашықтықты сақтауы керек,- делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз