KZ
Өскемен
-10°
ясно жел 4 м/с, В
506.43 522.43 5.28

Риддер: инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары биыл да жалғасады (Видео)

Altainews.kz
Altainews.kz
Бүгін, 17:00 80 Төлеуғазы Жансая

 

Риддер қаласы әкімінің орынбасары Қаныбек Төлеухан жергілікті тұрғындармен кездесу өткізіп, олардың ең өзекті сұрақтарына жауап берді. Жиында ДОСААФ шағын ауданының жағдайы, ауызсу сапасы, жылу жүйесінің жұмысы, қаңғыбас жануарларды аулау және көше жарығы мәселелері көтерілді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

– ДОСААФ шағын ауданы ерекше назарда. Өткен жылы бұл жерде жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа асфальт төселді, бұл тұрғындардың жүріп-тұруын айтарлықтай жеңілдетті. Сонымен қатар сапалы көше жарығы орнатылды, биыл бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады, – деп атап өтті Қаныбек Төлеухан.

Тұрғындарды алаңдатқан жылумен және сумен қамтамасыз ету мәселелеріне де ерекше көңіл бөлінді. Әкім орынбасарының айтуынша, қалада ауызсу сапасы мен жылу желілерінің жағдайы үнемі бақылауда ұсталады, бұл апаттық жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді.
Қаңғыбас жануарлар мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Қала әкімдігі иесіз ит-мысықтарды аулау жұмыстарын жалғастырып, оларға гуманизм принциптеріне сай жанашырлық танытуға мән беруде.
Риддер қаласы әкімдігінің мәлімдеуінше, көтерілген барлық мәселелер бақылауда, ал инфрақұрылымды жақсарту – басты жұмыстардың бірі болып қала береді.

Ержан Әбіш

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу