KZ
Өскемен
-12°
туман жел 2 м/с, С
495.28 518.41 5.44

Риддер ЖЭО: жөндеу жұмыстары жалғасады

29.05.2024, 10:29 175 Анель Слямғазықызы

Риддерде Үкімет резервінен бөлінген 8,5 млрд теңгеге ЖЭО-дағы жаңарту жұмыстары жалғасады, сондай-ақ 18,9 шақырым жылу желілері жөнделеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Нұрлан Рамазановтың айтуынша, ашық тарату құрылғысын әбден тозған май ажыратқыштарын ауыстыра отырып жаңарту жоспарланған.

Энергия беруші ұйымның тарифі аясында 6-шы және 7-ші шағын аудандардың 1,3 км жылу желілері ағымдағы жөндеуден өтеді.

Ал 2-ші, 4-ші аудандардың қазандығын және жылу желілерін меншік иесі – «Казцинк» ЖШС жөндейтін болады.

– Риддер ЖЭО бұрынғы иелерінің жауапсыздығынан апаттық жағдайға жеткенін білеміз. Жылу орталығы қаланың теңгеріміне алынып, былтыр екі жарым ай ішінде станцияда ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде риддерліктер өткен қыстан қысылмай шықты. Биыл жөндеу жұмыстары жалғасып, 20 қазанға дейін толық аяқталуға тиіс. Қаржының жұмсалуы, жұмыстардың сапасы құзіретті органдардың, депутаттардың, қоғамның тарапынан қатаң қадағалануы керек, – деді облыс әкімі Ермек Көшербаев.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу