KZ
Өскемен
-11°
туман жел 1 м/с, С
498.51 522.84 4.81

«Айсұлу» операсын Алматыға апарамыз

Фото: Аяужан Утеулинова

3.04.2024, 14:00 172 Қызырбек Дүргінбайұлы

Көрнекті композитор Сыдық Мұхамеджановтың туғанына биыл 100 жыл толады. Қазақ музыка театры тарихындағы тұңғыш комедия операсы – «Айсұлуды» сазгер осыдан тура 60 жыл бұрын жазған.

Өнер иесінің мерейтойына орай облыс орталығында Наурыз мейрамы қарсаңында «Айсұлу» операсының концерттік қойылымының премьерасы өткен болатын. Енді өңірдің өнерпаздары аталмыз операны Алматы қаласында сахналайды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

– 13 мамыр күні Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында «Айсұлу» операсын сахналау жоспарда бар. Қазір жұмыс жүргізіліп жатыр, – деді облыстық мәдениет басқармасының басшысы Нұрболат Ахметжанов.

Операның Өскемендегі премьерасына Шығыс Қазақстан облысы әкімінің симфониялық оркестрі, Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы өнер училищесінің студенттік хоры, «Ертіс концерт» КМК солистері мен арнайы шақырылған өнерпаздар қатысқан болатын.

Сонымен қатар мәдениет басқармасы басшысының айтуынша, 17 сәуірде Риддер қаласының тұрғындары Иоганн Штраустың «Жарғанат» опереттасын тамашалайды.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу