Боранға байланысты Алматы – Өскемен тас жолы уақытша жабылады

Pexels.com
Шығыс Қазақстан облысында 11 ақпан күні сағат 19:00-ден бастап республикалық маңызы бар жолдар жабылады.
Қазгидромет мамандарының хабарлауынша, өңірде күшті жел, боран және көріну қашықтығының нашарлауы күтілуде. Осыған байланысты барлық автокөлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылады.
Жабылатын жол учаскесі:
«Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» тас жолының 1013-1048 шақырымы (Абай облысының шекарасы – Ұлан ауылына бұрылыс аралығы).
Жүргізушілер мен жолаушыларға маңызды кеңес:
Алдағы сапарларыңызды кейінге шегеріңіз.
Жолға шықпас бұрын ауа райы болжамын тексеріңіз.
Қажет болса, 112 нөміріне хабарласыңыз.
Төтенше жағдайлар қызметі қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.