KZ
Өскемен
-7°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, Ю
497.88 518.59 5.44

ШҚО-да ертең қар мен бұрқасын күтіледі

pexels.com

Бүгін, 18:00 62 Төлеуғазы Жансая

«Қазгидромет» ШҚ филиалының мәліметінше, 14 ақпанда облыстың солтүстігі мен шығысында қар жауып, бұрқасын соғады. Жел оңтүстіктен соғып, түнде облыстың солтүстігінде жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Өскемен қаласында да қар мен бұрқасын болжануда, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды елді мекендерден тыс сапарларды кейінге қалдыруға шақырады. Егер жол жүруді кейінге шегеру мүмкін болмаса, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтаңыз: жылдамдық режимін асырып жібермеңіз және көліктер арасындағы қашықтықты сақтаңыз.
Желдің қатты екпінінен қорғану үшін ғимаратқа жедел кіріңіз. Аялдамаларда, жарнама тақтайшаларының жанында, ағаштардың астында тұрудан аулақ болыңыз. Үзілген сымдар мен тербеліп тұрған конструкцияларға жақындамаңыз. Кез келген төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласыңыз,- делінген хабарламада.


ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу