KZ
Өскемен
-14°
туман Штиль
497.89 520.89 5.47

ШҚО-да түзеу мекемесіне тыйым салынған заттарды жеткізбек болған ер адам ұсталды  

14.02.2025, 15:30 517 Гульжан Мусина

Шығыс Қазақстан облысында ҚР ІІМ ҚАЖК-ға қарасты №18 түзеу мекемесінің қызметкерлері мен ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5511 әскери бөлімінің қарауыл қызметінің сақшылары түрмеге тыйым салынған заттарды өткізбек болған ер адамды ұстады.  

Мекеме аумағына жақын жерде қара түсті пакет ұстаған 41 жастағы ер адам күдік тудырып, тәртіп сақшылары оны дереу тоқтатты. Тексеру барысында оның ішінде ерекше құрылғы табылды: скотчпен мықтап оралған электродқа шағын қорапшалар бекітілген. Әсіресе электродтың басына орнатылған шағын шам (фонарь) назар аудартты.  

Ұсталған азаматтың айтуынша, бұл шам "сәлемдеменің" қардың арасында жоғалып кетпеуіне көмектесу үшін орнатылған. Алайда бұл айла іске аспады.  

Тыйым салынған заттардың арасынан "Тропикамид" препараттарының қаптамалары анықталды. Толық тексеріс барысында дәріден бөлек, телефон, ерекше иісі бар жасыл түсті шөп, белгісіз таблеткалар және ойын карталары табылды.  

41 жастағы азамат ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы ("Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі тәртіпті бұзу") бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал тәркіленген заттар сараптамаға жіберілді.  

Шығыс өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу