KZ
Өскемен
-22°
плотный туман Штиль
499.76 521.7 5.63

ШҚО-да мал жаюдың жаңа қағидалары бекітілді – не білу қажет?

istockphoto.com

18.02.2025, 14:00 271 Төлеуғазы Жансая

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы кезекті XIX сессиясының № 19/148-VIII шешімімен ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларына өзгерістер енгізілді. Бұл өзгерістер мал иелерінің жауапкершілігін күшейтіп, заң бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

Жануарларды жаюға тыйым салынады:

  • ауру (оның ішінде жұқпалы ауруларды жұқтырған);

  • міндетті ветеринариялық рәсімдерден өтпеген;

  • жалпыға ортақ пайдаланылатын жерлерде, теміржол және автомобиль жолдарының белдеулерінде, су қорғау белдеулері мен санитарлық аймақтарда;

  • су қорғау аймақтарында, егер бұл су қоймаларының экологиялық жағдайын нашарлатса;

  • бірдейлендірілмеген ауыл шаруашылығы жануарлары.

Назар аударыңыз!

  • Жануарларды жайылымға апару және қайтару мал иесі немесе оның уәкілетті өкілі қадағалауымен жүзеге асуға тиіс.

  • Теміржол және жолдар арқылы тек арнайы белгіленген жерлерде айдау керек.

  • Қараусыз жүрген мал уақытша ұстау орындарына қамалады.

Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю арнайы бекітілген Жайылымдарды басқару және пайдалану жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. Бұл құжат аудандық немесе облыстық маңызы бар қала әкімдігі тарапынан 5 жылға бекітіледі. Қағидаларды бұзу заң жүзінде жауапкершілікке тартуға әкеледі.

Толық ақпаратты жергілікті атқарушы органдардан біле аласыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу