Қараусыз жатқан жер телімдерін қайтару күшейтілмек
rgmedia.kz
Иесі бар болса да жүйесі жоқ, телімі бар болса да тірлігі жоқ жер учаскелерін жаппай қайтару үрдісі әлі жүріп жатыр. Бұл туралы деректер бүгін облыстық мәслихат сессиясында айтылды, деп хабарлайды Altainews kz тілшісі.
Президент биылғы өз Жолдауында қадап айтты: «Жер – ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тартудың басты кепілі. Көптеген меншік иесі өздері пайдасын көріп отырған жерден мыңдаған шақырым алыста тұрады, ондағы ауыл тұрғындарына қамқорлық жасау ойына кіріп те шықпайды. Бізге мұндай жер иелерінің қажеті жоқ. Үкімет пен Бас прокуратура оларға қатысты мәселені мықтап қолға алуға тиіс», деді ол.
Ағымдағы жылы мемлекет меншігіне 160 мың га пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді қайтару жоспарланып отыр, оның ішінде 67 мыңы қайтарылып үлгерген.
ШҚО әкімі Ермек Көшербаев Ұлан, Катонқарағай, Тарбағатай, Самар аудандарында осы жұмысты күшейту қажеттігін алға тартты. Жалпы, аймақ басшысының ұстанымы – жер атаулы жауапкершілікпен игеріп, ауылдың дамуына өз үлесін қосатындарға ғана берілу керек.