Өскеменде көрші өңірден келген есірткі тасымалдаушы ұсталды

Фото: ШҚО ПД
ШҚО полицейлері көрші облыстан келіп, есірткі таратумен айналысқан 27 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Тінту кезінде одан 30 граммнан асатын синтетикалық есірткі заттары «мефедрон» және «a-PVP» тәркіленді. Күдіктінің айтуынша, ол Өскемен қаласына жақында келген. Қазіргі уақытта оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері есірткі бизнесіне қатысудың тікелей қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертеді,- делінген ШҚО ПД хабарламасында.
Өңірде есірткі қылмысына қарсы күрес жалғасуда.
Оқи отырыңыз