ШҚО-да жыл басынан бері 46 келіден астам есірткі тәркіленді
ШҚО ПД
ШҚО полицейлері синтетикалық есірткі сатумен айналысқан тағы бір адамды қолға түсірді.
Өскеменде жедел уәкілдер интернет дүкеннің 21 жастағы есірткі ораушысын ұстады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ШҚО ПД ақпаратына сүйеніп.
– Полиция қызметкерлері тінту барысында күдіктіден жалпы салмағы 500 грамм болатын ақ түсті ұнтақ тәрізді зат – мефедронды тәркіледі. Есірткіні аса ірі мөлшерде өткізу мақсатында заңсыз өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды, – деп хабарлады ШҚО ПД.
Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан полицейлері есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты 60-тан астам фактіні анықтағанын айта кеткен жөн. Оның 52-сі өткізу мақсатында. Заңсыз айналымнан 46 келіден астам есірткі түрлері тәркіленді.
Оқи отырыңыз
ШҚО тұрғынынан синтетикалық есірткі тәркілендіЕсірткі таратпақ болған шетел азаматы ұсталды – ШҚО Алматы облысынан ШҚО-ға есірткі тасымалдаумен айналысқан адам ұсталдыӨскеменде 19 жастағы азаматтың сөмкесінен психотроптық заттар табылдыӨскеменде бақшасын есірткі алқабына айналдырған зейнеткер ұсталды