Президент өнеркәсіптік қауіпсіздікті күшейтуге тапсырма берді

istockphoto.com
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытау облысындағы «Қазақмыс» корпорациясына қарасты кеніште орын алған қайғылы оқиғаға байланысты еңбек қауіпсіздігі саласындағы жағдайға алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Президент бекітілген талаптардың өрескел бұзылғанын, өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйесінің деңгейі төмен екенін атап өтті.
Мемлекет басшысы өндіріс орындарында қауіпсіздік талаптарын сақтау мақсатында Үкіметке бірқатар шұғыл шараларды қабылдауды тапсырды. Атап айтқанда:
- Кәсіпорындарда өнеркәсіптік қауіпсіздік нормаларының сақталуына тексеру жүргізу;
- Өндіріс нысандарында заманауи қауіпсіздік жүйесін енгізу, соның ішінде газ белгі беру құрылғылары мен сейсмикалық қондырғылар орнату;
- Болжау мен құлақтандырудың автоматтандырылған жүйесін енгізе отырып, өндірісті цифрландыру;
- Инвестиция көлемін ұлғайту арқылы өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйесін жетілдіру;
- Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бақылау мен қадағалау тетіктерін қатаңдату.
Оқи отырыңыз
ШҚО элеваторында бірқатар өнеркәсіптік бұзушылық анықталдыТоқаев Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткіздіМемлекет басшысы Ұлытау облысында кеншілердің қаза табуына байланысты көңіл айттыМемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткіздіКомиссия: "Костенко шахтасындағы апатқа жұмыс беруші кінәлі"