Мемлекет басшысы Ұлытау облысында кеншілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты

pexels.com
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақмыс» корпорациясының Ұлытау облысындағы кенішінде тау массасының құлауы салдарынан қаза болған жұмысшылардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Үкіметке төтенше жағдайдың мән-жайын мұқият тексеру жөнінде міндет жүктеді.
Салалық ведомстволар мен өңір әкімдігіне марқұмдардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсету туралы тапсырма берілді.
Еске сала кетейік, 17 ақпанда «Қазақмыс» корпорациясына тиесілі «Жомарт» шахтасында 640 метр тереңдікте тау жынысы опырылып, 7 жұмысшы үйінді астында қалды. Апаттан кейін жеті жұмысшының денесі табылды.
t.me/aqorda_resmi