Жазушы Дулат Исабеков дүниеден өтті

Белгілі жазушы, драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Дулат Исабеков дүниеден өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Қаралы хабарды ақын, Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Қасымхан Бегманов желіде жеткізді.
– Қайран, Дулат ағам-ай, мынау жарық дүниеден Сіздің де кеткеніңіз бе? Осы қазір ғана, 10-15 минут бұрын Естияр Дулатұлы інішегім маған осынау алапат қайғылы хабарды жылап тұрып жеткізді. Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Әбдешұлына, қалабасының төңірегіндегі жігіттерге, басқа да ел ағаларына қаралы хабарды жеткіздім. Қазір өзім ағамның үйіне қарай кетіп бара жатырмын… Иә, Қазақстанның Еңбек ері, қазақ әдебиетінің классигі, жазушы-драматург Дулат Исабеков өмірден өтті. Қазақ халқына қатты қайғырып көңіл айтамын, – деп жазды ол.
Оқи отырыңыз