KZ
Өскемен
снег жел 5 м/с, ОБ
530.12 546.08 5.17

Мұхтар Мағауин дүниеден озды

Фото: adebiportal.kz

10.01.2025, 10:13 353 Төлеуғазы Жансая

Әйгілі қазақ жазушысы Мұхтар Мағауин дүниеден озды,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Қаралы хабарды жазушының ұлы Едіге Мағауин Facebook желісінде жеткізді. Оның сөзінше, қаламгер АҚШ-та қайтыс болған.

"Арыстан ӘКЕМ фәниден бақиға аттанып кетті, АҚШ-тың Мерилэнд штатындағы үйінде, бала-шағасының ортасында, 2025 жылғы қаңтардың 9-ы, жергілікті уақыт бойынша сағат 19:55-те (Қазақстан уақыты бойынша қаңтардың 10-ы, сағат таңғы 5:55)", - делінген жазбада.

Мұхтар Мағауин – жазушы, әдебиет зерттеушісі, әрі тарихшы. Қазақстанның Халық жазушысы, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлық лауреаты, Түркияның Халықаралық "Түрік дүниесіне қызмет" сыйлығының иегері, Улан-батордағы Халықаралық Шыңғыс хан Академиясының құрметті академигі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу