KZ
Өскемен
-6°
туман жел 1 м/с, З
502.89 527.03 5.71

Қазақстан Еуропа нарығына бал экспорттайды

pexels.com

Бүгін, 10:30 61 Төлеуғазы Жансая

Қазақстан ресми түрде Еуропалық Одаққа бал экспорттауға рұқсат алды. Бұл туралы 2025 жылдың 21 ақпанында Еуропалық Комиссияның ресми қаулысы жарияланды, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі ҚР АШМ сілтеме жасап.

Ауыл шаруашылығы министрлігі балдағы қалдық заттарды бақылаудың Ұлттық жоспарын енгізіп, экспорт талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету бойынша ауқымды жұмыстар жүргізді. Нәтижесінде, Қазақстан ЕО-ға бал жеткізу құқығына ие елдер қатарына қосылды.

ЕО-ға экспорттауға рұқсат алған кәсіпорындар арнайы Тізімге енгізілуі қажет. Ол үшін ЕО нормативтік талаптарына сәйкес келетін құжаттарды Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетіне жолдау қажет. Құжаттар мақұлданғаннан кейін TRACES-NT жүйесі арқылы Еуропалық Комиссияға жіберіледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу