KZ
Өскемен
-13°
туман жел 1 м/с, С
502.89 527.03 5.71

Алтай балы Еуропаға жол тарта ма?

шартты сурет

3.03.2023, 10:51 348 Оразай Жеңісұлы

Ара шаруашылығымен айналысатын Қайрат Мәліков есімді кәсіпкер Алтайдың балын Еуропа елдерінде саудаламақ.

Шаруа қожалығының иесі облыс әкімінен балды жөнелтуге қажет сертификат алуға көмек беруін сұрады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

«Ара шаруашылығы өнімдеріне маманданған «Алтай тартуы» ШҚ басшысы Қайрат Маликов Еуропа елдеріне бал әкету үшін сертификат алуға көмек сұрады. Қазірше бізде мұндай құжаттама жоқ, алайда Брюссельге сапары кезінде ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев еуропалық денсаулық және азық-түлік қауіпсіздігі комиссары Стелла Кириакидеспен келіссөздер жүргізді және тараптар отандық бал мен ара шаруашылығы өнімдерін экспорттауға қойылатын ветеринариялық талаптарды келісу бойынша жұмысты бастады. Бұл болашақта қазақстандық бал брендтеріне Еуропалық одақ елдеріне жол ашады», - деді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, облысының әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу