KZ
Өскемен
+20°
ясно жел 1,2 м/с, ОШ
471.46 504.79 5.53

Қазақстан Дүниежүзілік Банктің пандемия қорынан өтеусіз грант алды

Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

21.02.2024, 13:43 50 ALTAINEWS

Астанада ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, БҰҰ-ның ҚР-дағы тұрақты үйлестірушісі Микаэл Фриберг-Стори, ДДҰ-ның Қазақстандағы өкілі доктор Скендер Сыл, Пандемия қорының атқарушы директоры Прия Басу және дипломатиялық миссиялар өкілдерінің қатысуымен Пандемия қорының гранты ресми түрде іске қосылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі 

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, Пандемиялық қордан түскен қаражат еліміздің денсаулық сақтау жүйесінің эпидемиологиялық қадағалау, шекаралық бақылау, зертханалық қауіпсіздік, ауруды ерте анықтау және әрекет ету, сондай-ақ персоналды оқыту саласындағы міндеттерін шешуге бағытталады.

ДДҰ-ның Қазақстандағы кеңсесі осы гранттың елде іске асырылуын үйлестіреді және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне жалпы техникалық қолдауды қамтамасыз етеді.

Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық аймағының 36 елінің қатарына еніп, үш жыл мерзімге 19 млн АҚШ долларының елдік грантын және 27 млн АҚШ доллары сомасына көп елдік грантын алды.

                                                                         

Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив