Бас прокурор: Заң – әділдік пен рухани тазалықтың кепілі

gov.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жыл басында берген «Мақсат – экономика мен егемендікті нығайту» сұхбатында «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын еліміздің құндылықтар жүйесіне барынша кіріктіріп, халық болмысының, қоғам өмірінің ажырамас бөлігіне айналдыруды міндеттеген болатын. Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Берік Асылов «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі жұмыста прокуратураның жалпы міндеттері мен негізгі екпіндері туралы айтты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Заң мен тәртіп – азаматтардың еркін дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін іргелі негіз. Қоғамдық тұрақтылық пен адамдардың үйлесімді өмір сүруі заң мен тәртіпсіз мүмкін емес. Сондықтан «Заң мен тәртіп» қоғамның және әрбір азаматтың өмірлік ұстанымы болуы керек. Ұлы Абайдың пайымдауынша, заң мен тәртіпсіз өмір болмайды. Заң – әділдікке, рухани тазалыққа апаратын жол, – дейді Берік Асылов.
Оный пайымынша, халықтың өмір сүру сапасы, еркін бизнес, әділ сот төрелігі және мемлекеттік басқару жүйесінің мінсіз жұмысы құқықтық қарым-қатынастың барлық субъектілері, оның ішінде кәсіпкерлер, ұйымдар, масс-медиа, ең әуелі, мемлекеттік аппарат заң мен тәртіпті мүлтіксіз орындамайынша мүмкін емес.
Прогрессивті әлем қоғамда заңға бағынатын мінез-құлыққа және құқық бұзушылықты болдырмауға басымдық беріп жатыр.
Мәселен, Финляндияда жол қозғалысындағы бұзушылық үшін қарапайым айыппұл шамамен 100 еуроны құрайды. Ал сот осындай құқық бұзушылыққа жол берген ірі кәсіпкердің материалдық жағдайын ескере отырып, мұндай айыппұл мөлшері оның түзелуіне оң әсерін тигізбейді деп санаса, айыппұлды он есе, тіпті кейде жүз есеге дейін арттыра алады. Осы елде мұндай шешім қоғам тарапынан қолдау тауып жатыр.
Сол сияқты Біріккен Араб Әмірліктеріндегі қатаң жаза түрлері өз халқына ғана емес, онда сапарлағанды жаны сүйетін біздің туристерімізге де заңды құрметтеуді үйретеді.
Мысалы, соттар нақты бас бостандығынан айыруды тек ауыр қылмыстарға тағайындайды. Қазіргі кезде түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқандардың 80%-ы – негізінен зорлық-зомбылық сипаттағы және есірткі қылмысы үшін сотталғандар.