KZ
Өскемен
-2°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
492.22 529.38 5.03

Заң мен тәртіптің бір тетігі – Ұлттық ұлан

3.09.2024, 15:37 105

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында  халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған бірқатар өзекті мәселелерді көтерді. Осы орайда заң мен тәртіпке бағынатын қоғам құру керектігін де тілге тиек етті.

Президент өз сөзінде  біз  әділетті қоғам құру арқылы дамыған елдер қатарына қосыла аламыз дегенді айтты. Расында құқықтық нормаларды тең ұстаған елдердің басым көпшілігі барлық салада көшілгері келе жатқаны жасырын емес. Әлбетте ол үшін  қабылданған заңдардың  жемісті жұмыс жасауына қоғам болып ат салысу аса маңызды.

Осы орайда  мемлекет басшысы «Біз заң мен тәртіп, білім мен парасат үстемдік ететін қоғам  құруымыз керек» деп бекер айтқан жоқ. Өйткені, бұл қағидатты берік ұстанған ел ғана  қауіпсіз қоғам, құқықтық мемлекет қалыптастыра алады. Заңды сақтау-әділеттіліктің, теңдік пен  тәртіптің кепілі. Қазір әділетті Қазақстан құру жолында қоғам болып  бірігіп, қарқынды еңбек ету ауадай қажет. Бұл тұрғыда Ұлттық ұлан әскері қоғамдық және құқықтық тәртіпті  қорғау жолында күнделікті жауынгерлік қызметтерін абыроймен атқарып келеді. Сарбаздан офицерге дейінгі құрам өздеріне жүктелген жауынгерлік міндеттерін қырағылықпен әрі табандылықпен атқарып жүр. Сарбаз – Мемлекеттің қарулы күшінің жауынгерлік әзірлігін қамтамасыз етуші күш. Сондықтан Ұлттық ұланда әскери борышын атқарып жүрген  әр сарбазға барынша жағдай жасалып келеді. Бірақ, тәртіп пен заңдылық мәселесі әскерде қатаң сақталуы тиіс. Ол күні бүгінге дейін назардан тыс қалған емес.

Бұл туралы мемлекет басшысы осы жолғы Жолдауында нақтырақ тоқталды. Президент: «Жас сарбаздарымыз  өз міндетін   алаңсыз орындауы үшін әскер қатарында, ең алдымен темірдей тәртіп болуға тиіс» деп баса айтты. Мемлекет басшысы бұл мәселеге тоқталып, соңғы кездері әскерде орын алған бірқатар жағдайға байланысты алаңдаушылық танытатынын және үнемі өз назарында ұстайтынын  айтты. Әлбетте, Ұлттық ұлан сапындағы темірдей тәртіп қашанда басты назарда. Тәрбиеші офицерлер жеке құрам арасындағы әлімжеттікті болдырмай, сарбаздар арасындағы қарым-қатынастың  нығаюы үшін кешенді түрде жұмыс жасайды. Алдағы уақытта да мемлекет басшысының бұл бағыттағы тапсырмасын Ұлттық ұландықтар басты назарда ұстайтын болады.

 

Атабек Салихбаев

Ұлттық ұлан «Шығыс» өңірлік
қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив