Қазақстан Бас прокуратурасы: Негізгі миссия – Заң және тәртіп
Фото: pexels.com
Бүгін бас қадағалау органында кеңейтілген алқа отырысы өткізілді, онда 2024 жылғы жұмыстың қорытындысы қаралды.
Іс-шараны аша отырып, Бас Прокурор Берік Асылов прокуратура органдары заңдылықты қамтамасыз ету, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңға бағынатын бизнесті заңсыз тексерулерден арашалау, маңызды инвестициялық жобаларды сүйемелдеу, заңсыз активтерді қайтару, азаптаулардың алдын алу, сондай-ақ алаяқтыққа, есірткі бизнесіне және басқа да қауіпті құбылыстарға қарсы күрес жөніндегі құқық қорғау органдарының күш-жігерін үйлестіру бойынша шаралар кешенін қабылдағанын атап өтті.
Өткен кезеңде прокурорлар Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде маңызды инвестициялық жобаларды сүйемелдеу, инвесторлар мен олардың инвестицияларын қорғау жөніндегі жұмысты жалғастырды, Президент бұл жұмысты ұлттық басымдықтар деңгейіне көтерді.