KZ
Өскемен
-9°
небольшой снег жел 4 м/с, СБ
509.84 595.75 6.47

ШҚО: Шемонаихада мұз кептелісінің алдын алу үшін жару жұмыстары жүргізілді (Видео)

28.02.2025, 13:16 765 Төлеуғазы Жансая

 

Шығыс Қазақстан облысында көктемгі су тасқыны қаупінің алдын алу мақсатында Шемонаиха ауданындағы Уба өзенінде жоспарлы жару жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Таңғы сағат 09:00-ден 12:00-ге дейін Верх-Уба ауылында төтенше жағдайлар қызметкерлері мұз кептелістерін жою үшін арнайы шаралар ұйымдастырды. Жұмыс барысында 742,5 кг жарылғыш зат қолданылып, жалпы 10 692 шаршы метр аумақта мұз жарылды.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары, құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері тартылды. Атап айтқанда: төтенше жағдай департаментінен 2 қызметкер, 1 техника, жедел-құтқару жасағынан 5 құтқарушы, 1 техника және 1 жүзу құралы, “KazExploService” ЖШС тарапынан 11 маман, 2 техника, жергілікті атқарушы органдардан 5 адам мен 1 техника жұмылдырылды.

Мұндай профилактикалық шаралар өзен ағысын жақсартуға және мұздың ағысқа тосқауыл жасауын болдырмауға бағытталған. Төтенше жағдайлар қызметі көктемгі су тасқыны кезеңінде мұз кептелістеріне байланысты қауіптің жоғары екенін ескертеді және тұрғындарға жағалауларға жақындамауды ұсынады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу